Мәдениет

Димаш Құдайберген итальяндық фильмнің саундтрегін орындады

Фото: vk.com
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген италиялық режиссер Пьерджузеппе Заяның "Creators"/"Создатели" қиял-ғажайып фильмінің бас саундтрегін орындады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"2020 жылдың наурыз айында Пьерджузеппе Зая мен Элеонора Фани сценариін жазған, режиссері Пьерджузеппе Зая, фильмде Жерар Депардье, Брюс Пэйн, Элеонора Фани, Марк Фиорини, Дженнифер Мисчиати және Уильям Шетнер ойнайтын жаңа әлемдік фантастикалық фильм жарық көреді. Мен фильмнің саундтрегін, яғни киноның басты әнін орындаушы есебінде қатыстым. Жақында кинотеатрлардан көріңіздер", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Өткен аптада Нью-Йоркте Димаш концерті өткен зал көрерменге толы болды. Концерт Barсlays Center аренасында өтті.


11:05, 18 Желтоқсан 2019
0
9547
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны