Мәдениет

Димаш Құдайберген америкалық IPZ лейблымен келісімшартқа отырды

Фото с сайта dimashnews.com
Бүкіл әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық IPZ продюсерлық агенттігімен келісімшарт жасасты. Бұл туралы ақпарат әншінің Информация Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Димаш – Құрама Штаттарын бағындырып келе жатқан дарынды әнші. Оның онсыз да сәтті карьерасын кеңейте түсуге мүмкіндіктері бар. Ол әлемдік брендтер үшін өзінің соңынан ергендермен байланыс орнатуға ұмтылған актив бола алады", – деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.

Ашық ақпарат көздеріне қарағанда, IPZ агенттігі спорт, масс-медиа мен ойын-сауық саласындағы маркетинг, қоғаммен байланыс бойынша маманданған.
16:32, 19 Маусым 2020
0
37418
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны