Мәдениет

Димаш АҚШ-ты таң қалдыруға уәде берді

Фото из instagram
Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы концертіне қызу дайындалуда, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Америкадағы концертке дайындалып жатырмыз. Сіздерді не күтіп тұрғанын елестете де алмайсыздар", – деп жазды әнші Instagram желісіндегі өзінің
парақшасында.

Осыған дейін Димаш желтоқсан айында Америкада концерт қоятынын мәлімдеген.

"10 желтоқсанда Америкада Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center стадионында менің жеке концертім өтеді. Жақын арада билеттер сатыла бастағаны туралы хабарлаймын", – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар әлемге әйгілі қазақстандық әншінің күзде Санкт-Петербургте және Нью-Йоркте жеке концерттері өтетіні белгілі.

17 шілдеде Димаш Couldn't Leave атты ағылшын тіліндегі жаңа әнін таныстырды.
Автор:
Екатерина Елисеева
11:56, 9 Қыркүйек 2019
0
4629
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны