Мәдениет

"Денис Тен. Ұлы шоу" деректі фильмін Алматы кинотеатрларының бірінде көрсетеді

Фото из открытых источников
"Денис Тен. Ұлы шоу" деректі фильмін 23 ақпаннан 3 наурызға дейін алматылық кинотеатрлардың бірінде көрсетеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"23 ақпаннан 3 наурызға дейін Бекмамбетов Синемадан Денис Теннің мұздағы шоуы туралы деректі фильмді тамашалаңыздар", – деп хабарланды Денис Тен қорының Instagram желісіндегі парақшасында.

Фильмде Алдымен Алматыда, кейін Астанада өткен "Денис Тен және оның достары" шоуы туралы көрсетілген. Қазақстандық спортшы оған мәнерлеп сырғанау бойынша әлемдік жұлдыздарды шақырған.

Денис Теннің мұзды шоуы шамамен 5 жыл бұрын құрылған.

Бұл жылдары мәнерлеп сырғанаушы шоуында он мыңдаған қазақстандықты жиды. Жарқын бағдарламаны тамашалауға шетелдіктер де келетін. 2014 жылы Денистің өнерін тамашалау үшін Жапониядан 500 турист ұшып келген екен.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 19 шілдеде Байсейітова және Құрманғазы көшелерінің қиылысында Денис Тен пышақ жарақатын алды. Спортшы автомобилінен айнаны алып қашқандардың соңына түскен. Қақтығыс салдарынан Денис жарақат ауыр алып, ауруханада көз жұмды. Келесі күні екі күдікті – Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов ұсталды. Жуырда Алматы соты оларға қатысты үкім шығарды.


13:38, 13 Ақпан 2019
0
19319
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны