Мәдениет

Астанада "Щелкунчик" балеті аншлаг жиды

Фото предоставлено театром "Астана Балет"
"Астана Балет" театры елордалық көрермендерге Петр Ильич Чайковскийдің "Щелкунчик" қойылымын ұсынды, қысқы ертегі алғашқы күні аншлаг жиды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Екінші жыл қатарынан "Астана Балет" театры публикасын атақты қойылыммен қуантып келеді. Сахнада ертегіні Василий Вайноненнің редакциясында қойылды. Бұл спектакль талай жыл Мариин театры репертуарының көркі болатын. Гофманның "Щелкунчик пен тышқан патшасы" атты ертегісінің желісімен либреттосы жазылған үш көріністі балет қойылымын жасаған.



"Щелкунчик" балетінің романтика мен сиқырға толы өзіндік қойылымын Василий Вайнонен 1934 жылы С.М.Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында (Мариин театры), кейін, 1938 жылы – Үлкен театрда қойды. Содан кейін, бұл қойылым КСРО және шет елдердің көптеген театрларының сахнасына шығарылған болатын.



Театр труппасымен қатар, Хореография академиясының оқушылары да спектакльде өнер көрсетеді. Олар бірінші акттің балалар сахнасын, ақшақарлар биін, дивертисменттегі қуыршақтар биін орындап, ал, академия түлектері Маша мен Ханзаданың жетекші партияларын орындап шығады. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, шығармашылық жобаға 150-ден астам академия тәрбиеленушілері мен 40-қа жуық театр әртістері қатысты.



Атап өту керек, қойылым сценографиясын театрдың декорациялық цехінің жетекшісі Жандос Омаров дайындады. Оның айтуынша, дайындық барысында Мариинский театрының тұжырымдамасы басшылыққа алынды. Осы қойылым үшін арнайы 200-ден астам костюм мен реквизиттер дайындалды.



Өнер сүйер қауым "Щелкунчик" балетін 22,23, 25 және 27, 28, 31 желтоқсанда, сонымен қатар  2019 жылдың 4,5,6 және 9 қаңтарда тамашалай алады.

Еске сала кетейік, Маша мен Щелкунчик жайлы оқиға – шынайы махаббат, достық пен адалдық көптеген қиыншылықтарды жеңуіңізге септігін тигізіп, Тышқан Королінің әскерімен шайқасып, оны жеңуге көмектесетіні жайлы оқиға. Жаңа жылдық осы ертегі балаларға, сонымен қатар, ересектерге де қиян-кескі ұрысқа тайсалмай бас салған кезде ғана жеңіске жетуге болатыны, махаббат күші бәрінен де басым түсетіні жайлы еске салатын оқиға.

Автор:
Айдана Демесинова
09:07, 23 Желтоқсан 2018
0
19968
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны