Қоғам

Желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалады

Фото: Kazpravda.kz
2018 жылы желтоқсанда қазақстандықтарды қосымша төрт демалыс күні күтіп тұр. Республика тұрғындары жылдың соңғы айында 13 күн демалады, деп хабарлайды eGov.kz.

Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсанда тойланады және ол сенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс күні 3 желтоқсанға көшеді. Осыған байланысты Қазақстандықтар желтоқсанның бірі мен үші аралығында жұмыс істемейді.

16 және 17 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздік күні тойланады. 16 желтоқсан жексенбі күніне түскендіктен, демалыс күні 18-ші желтоқсанға көшіріледі. Осылайша қазақстандықтар 15 және 18 желтоқсан аралығында демалады. Жаңа жыл төрт күн – желтоқсанның 30-ы мен қаңтардың 2 аралығында аталып өтіледі. 29 желтоқсан (сенбі) жұмыс күні болады, сондықтан демалыс күні 31 желтоқсанға (дүйсенбі) көшіріледі.

12:39, 1 Қараша 2018
0
2724
Жазылу

Көп оқылғаны