Қоғам

Түркия аумағына кіру ережелері өзгерді

Фото с сайта pixabay.com
2021 жылдың 1 маусымынан бастап, Түркия аумағына кіру ережелері өзгерді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Бұған дейін хабарланғандай, Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Непал, Пәкістан және Шри-Ланкадан келген немесе соңғы 14 күнде осы елдерде болған жолаушылар Түркияға келерге дейінгі соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тесттің теріс нәтижесін ұсынуы қажет. Аталған елдерден келген жолаушылар 14 күн карантинге алынады. Карантиннің соңында ПТР тест нәтижесі теріс болса, карантин шарасы тоқтатылады. Ұлыбритания, Иран, Египет және Сингапурдан келетін жолаушылардан Түркияға келерге дейінгі соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесі талап етіледі” , - делінген хабарламада.
Аталғандай, алғашқы екі тармақта көрсетілмеген елдерден, соның ішінде Қазақстаннан келген жолаушылардан тиісті мемлекеттің ресми органдары тарапынан рәсімделген төмендегі құжаттардың бірі ұсынылған жағдайда, ПТР тесттің теріс нәтижесі мен карантинде болу талап етілмейді:
 - Түркияға  келгенше кем дегенде 14 күн бұрын вакцина алған;
- соңғы 6 айда коронавируспен ауырғаны және жазылған;
Аталған құжаттар болмаған жағдайда, төмендегілердің біреуі ұсынылуы керек:
 - Түркияға келер бұрын соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тесттің теріс нәтижесi;
 - Түркияға келер бұрын соңғы 48 сағат ішінде жасалған жедел антигенді анықтау тестінің нәтижелері.
“Екінші тармақта көрсетілген елдерден келетін жолаушылардан басқа, Түркияға келетін тұлғалардан ПТР тестін келген кезде (әуежайда, бақылау-өткізу пункттерінде) өту талап етілуі мүмкін. Бұл жағдайда талдау үшін сынамалар алынғаннан кейін жолаушыларға керек бағытына (үйге, қонақ үйге, тұрғылықты жерге) баруға рұқсат беріледі. Талдау нәтижесі оң болса, жолаушылардың тиісті емдеуден өтуі қажет болады”, - дейді ҚР СІМ.

14:18, 3 Маусым 2021
0
9987
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны