ҚоғамКоронавирус

Цой желтоқсан-қаңтар айларында карантин шараларын күшейтуге қатысты пікірін білдірді

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен брифингте республикада карантин шараларын күшейту туралы болжамдарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады. Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз", - деді Цой.

Оның сөзіне қарағанда, Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалуда.

"Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда", - деп қосты спикер.
Автор:
Айдана Демесинова
17:00, 27 Қараша 2020
0
11620
Жазылу

Көп оқылғаны