Қоғам

Тоқаевтың сынына іліккен "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен босатылды

Фото с сайта kazautozhol.kz
Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды", – деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жолдардың сапасын сынға алған.

"Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым", – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
11:34, 16 Сәуір 2021
0
2847
Жазылу

Көп оқылғаны