Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Марат Ахметжанов басқаратын болды

Фото: atameken.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.М. Ахметжановты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", – делінген жарлықта.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. 1991 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1991-2000 жылдары Теміртау қаласы прокуратурасының тергеушісі, Қарағанды облыстық прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, Бас прокуратурада аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратура бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Мемлекеттік тергеу комитеті құрылғаннан кейін аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының басшысы болды.

1991-2000 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі жүйесінде лауазымды қызметтерді атқарды.

2000-2003 жылдары – Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2003-2006 жылдары–Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жылдары–ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012 -2014 жылдары–ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2016 жылдан – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
11:20, 16 Сәуір 2021
0
2668
Жазылу

Көп оқылғаны