Қоғам

Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының қызметінен босатылды

Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.

1980 жылы КСРО ІІМ Шымкент арнайы орта мектебін бітірді. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1993 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

1974-1975 жылдары – Талғар қаласы Талғар ауылшаруашылығы техникумының студенті.

1975-1977 жылдары – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1978 жылы – Алматы облысы бойынша Каменка ауылында ҚЖМК слесарі.

1980-1984 жылдары – Алматы облыстық ІІБ ЕТК-71 жедел бөлімінің отряд бастығы, инспекторы, СИ-1 жедел бөлімінің инспекторы.

1984-1988 жылдары – Қаскелең аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі.

1988-1989 жылдары – Қаскелең аудандық ІІБ Каменка ауылдық милиция бөлімінің бастығы.

1989-1991 жылдары – Алматы облысының Балқаш АІІБ бастығы.

1991-1993 жылдары – Мәскеу қаласы КСРО және РФ ІІМ академиясының тындаушысы.

1994-1995 жылдары – Алматы облысының Қаскелең аудандық ІІБ бастығы.

1995-1997 жылдары – Алматы облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша МТКД аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы.

1997-2000 жылдары – жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2000-2003 жылдары – Алматы облысы бойынша ІІБ бастығы.

2003-2008 жылдары – Қазақстан Республикасның ішкі істер вице-министрі.

2008-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.

2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2016 жылғы 12 қаңтардан 28 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2017 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың маусымы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы.

2019 жылдың маусымынан – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы.
11:12, 16 Сәуір 2021
0
7319
Жазылу

Көп оқылғаны