Қоғам

ШҚО тұрғыны бөтен адамның тракторын ломбардқа салған

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бөтен адамның тракторын ломбардқа тапсырған, деп хабарлайды Kazpravda.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өскемен қ. ПБ "102" жедел арнасына Аягөз қ. 38 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2018 жылдан бастап 2019 жылдың сәуір айына дейін Ұлан ауданының 26 жастағы тұрғыны алдап, сенімге кіре отырып Өскемен қ. ломбардтарының біріне "Грейдер" тракторын салғанын хабарлады. Осылайша 18 000 000 теңге көлемінде залал келтірді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп атап өтті полицияда.
Автор:
Айдана Демесинова
17:21, 14 Сәуір 2021
0
2515
Жазылу

Көп оқылғаны