Қоғам

Павлодар облысында қылмыстық топ мемлекетке 500 млн теңгеден астам залал келтірді

Скриншот из видео
Павлодар облысында 4 жылдан астам "өзара есеп айырысу" туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің деректері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен.
Нәтижесінде мемлекетке 500 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

"Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Автор:
Айдана Демесинова
10:34, 15 Сәуір 2021
0
1379
Жазылу

Көп оқылғаны