Қоғам

Павлодар облысында 550 млн теңгенің жанар-жағармайының заңсыз тасымалының жолын кесті

Скриншот с видео
Павлодар облысында жалпы сомасы 550 млн теңгені құрайтын жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен «Barrel» жедел алдын-алу іс шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 550 млн астам тенгені құраған 2,4 мың тонна мұнай өнімі көлемінде жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Күдіктілердің іс-әрекеті санкциясы мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 197 бабының, 2-б.,3-т. сәйкес сараланды", – делінген хабарламада.

Күдіктілер ұсталып, оларға қатысты Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын колданды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қылмыс жағдайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

09:55, 25 Қараша 2020
0
1045
Жазылу

Көп оқылғаны