Қоғам

Нұр-Сұлтан құтқарушылары көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Нұр-Сұлтан құтқарушылары көктайғақ кезінде құлап-жарақаттанбау үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада алдағы тәулікте көктайғақ болуы мүмкін екені айтылды.

Осыған байланысты ТЖД тайып құлау қаупін азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;

- егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі.

"Жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз! Есіңізде болсын: әсіресе арқаға құлау қауіпті, ми сілкінісін алуға болады. Жарақат алған кезде міндетті түрде бірден медициналық көмекке жүгіну қажет", - делінген хабарламада.

Автокөлік жүргізушілері қашықтықты сақтау қажет және қандай жағдай болмасын жылдамдықты асырмау керек.

10:48, 13 Қараша 2020
0
2692
Жазылу

Көп оқылғаны