Қоғам

Мемлекет медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді жалғастырады – Президент

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Мемлекет коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді жалғастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қажетті көлемдегі қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл үшін Үкімет отандық бетперделер мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын өндірушілерді кепілді көлемдегі шикізатпен қамтамасыз етудің тетігін әзірлеуі тиіс. Пандемияға қарсы барлық шаралар мейлінше ашық болуы қажет.

19:38, 16 Қараша 2020
0
3063
Жазылу

Көп оқылғаны