Қоғам

Марғұлан Баймұхан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Фото: twitter.com
Мемлекет басшысының өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, сообщает Kazpravda.kz со ссылкой на пресс-службу Президента РК.

Осыған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы лауазымына тағайындалды

Сондай-ақ ҚР Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын мәлімдеді.
12:10, 19 Сәуір 2021
0
2391
Жазылу

Көп оқылғаны