ҚоғамКоронавирус

ҚР Бас санитарлық дәрігері қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Құрметті қазақстандықтар, жақын арада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалы аса қолайсыз елдерге демалысты немесе өзге де сапарларды жоспарлаған барлықтарыңызға мәлімдеме жасағым келеді.

Мен коронавирустық инфекциясы кең тараған Үндістан, Түркия, сондай-ақ Еуропаның, Латын Америкасының, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдеріне барудан бас тартуды сұраймын.

Ғалымдар коронавирустық инфекцияның жаңа штамдарының жұғу жылдамдығы өте жоғары және қоғамға, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне аса қауіп төндіреді деп дабыл қағуда. Сондықтан демалысты кейінге қалдыруға кеңес беремін, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, сіздің жақындарыңыздың амандығы, ұлт денсаулығы екендігін ұмытпаңыз", - деген Қиясовтың үндеуін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия жариялады.
Автор:
Лаура Тусупбекова
19:53, 29 Сәуір 2021
0
17118
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны