ҚоғамКоронавирус

Қазақстанның барлық өңірінде COVID-19 дертіне шалдыққандар саны өсті

Қазақстанның барлық өңірінде коронавирустық инфекцияға шалдыққандардың саны өскені тіркелді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Соңғы 2 аптада ел өңірлердің КВИ ауруының өсуі байқалуда. Өткен аптамен салыстырғанда дертке шалдыққандардың саны 1,7 есеге өскен. Ең жоғары деңгей 45% - 1 755 факт Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Сырқаттанушылар саны Қостанай облысында 4 есе, Батыс Қазақстан облысында 3,2 есе және Павлодар облысында 2,7 есе өскен", - деді Қиясов.

Қазақстанда 12 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен 118 491 науқас тіркелді, 108 632 адам сауығып, 7 941 – ем алуда, 1 899 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 587 адам оң нәтижемен анықталды.

"Сондай-ақ, елде COVID-19 белгілері бар пневмонияның 39 545 жағдайы тіркелді, 29 351 адам сауығып кетті, 9782 науқас емделуде, 412 – қайтыс болды. Соңғы тәулікте 188 жаңа жағдай тіркелді", - деп қосты спикер.
Автор:
Айдана Демесинова
17:33, 12 Қараша 2020
0
4594
Жазылу

Көп оқылғаны