Қоғам

Қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатыса алады

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатыса алады, деп хабарлайды Kazpravda.kz
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

"2021 жылдың Ұлттық санағын 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимде респонденттердің өздерінің толтыруы арқылы жүргізу жоспарлануда", - делінген ақпаратта.

Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.

Мобильді азаматтар үшін "Aitu" мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

2021 жылдың Ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны - "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!"

09:16, 17 Мамыр 2021
0
931
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны