Қоғам

Қазақстанда жаңбыр жауады және күн суытады

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге, 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Метеоқызметтің ақпаратынша, апта ортасында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады.

20 мамырға жақын еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

19 мамырдан бастап Салехард аудандарынан суық антициклонның ығысуымен күндізгі ауа температурасы солтүстікте 12-17 градус жылыға дейін, орталықта 15-20, кей жерлерде 12 градус жылыға дейін, шығыста 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін төмендейді.

Республика бойынша жекелеген аудандарда желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін
12:51, 17 Мамыр 2021
0
11230
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны