ҚоғамКоронавирус

Қазақстанда туристер тапсыратын ПТР-тест құны туроператорлар пакеттеріне енгізіледі

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41% Египеттен, 27% Мальдив аралдарынан, 16% БАӘ-мен және 8,3% Түркиядан келген", – делінген хабарламада.

Шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталғаны аталып өтілді. Оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51.
12:03, 19 Наурыз 2021
0
13795
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны