Қоғам

Қазақстанда оқулық жазушыларды нашар жұмысы үшін жазалайтын болады

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Оқулықты құрастырушылар оның сапасы үшін жауапты болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Өзекті мәселелердің бірі оқулықтардың сапасы. Бұл сұрақ жиі көтеріледі. Білім сапасы оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сондықтан ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бізде оқулықтардың сапасы нашар", – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы оқулықтарды құрастырушылар өз жұмысы үшін жауапты болуы тиіс екенін атап өтті.

"Оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді тапсырамын. Қолдануға жарамай қалған нашар оқулық дайындаса, онда ол адам жауапкершілігін көтеруі керек. Басқаша болмайды", – деп түйді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Автор:
Айдана Демесинова
13:12, 27 Мамыр 2020
0
17536
Жазылу

Көп оқылғаны