ҚоғамКоронавирус

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус салдарынан қанша адам көз жұмды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус салдарынан қанша адам қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстанда коронавирустық инфекция салдарынан бір тәулікте 20 адам көз жұмды.

36 436 адам короновирус инфекциясынан (35 941 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 591 адамның жағдайы ауыр; 172 пациенттің жағдайы өте ауыр; 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 13 сәуірдегі мәлімет бойынша 85 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 84 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: 51 624 науқас, 741 өлім жағдайы тіркелді, барлығы 50 388 адам сауығып шықты.

09:08, 15 Сәуір 2021
0
5930
Жазылу

Көп оқылғаны