Қоғам

Қазақстанда алғаш рет Абай күнін тойлауда

Фото: yandex.kz
Қазақстанда алғаш рет Абай күнін тойлауда, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

Жаңа мейрамды жуырда ғана бекітті. Осыған дейін қазақстандықтар бұл күні демалмайтыны айтылған. Қазақстанда жыл сайын 10 тамызда Абай күнін атап өтетін болды. Өйткені 1845 дәл осы күні қазақ халқының ұлы ақыны дүниеге келген. Биыл ел данышпанның 175-жылдығын тойлауда. Бүгін республиканың түкпір-түкпірінде 100 шара ұйымдастырылмақ.

Абай Құнанбаев – қазақ ақыны, композитор, ағартушы, данышпан, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі, мәдениет реформаторы.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Автор:
Айдана Демесинова
08:29, 10 Тамыз 2021
0
10144
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны