Қоғам

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінеді

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінед. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының ХХ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Біздің бағдарламамызда негізгі төрт басымдық бар. Бірінші, әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы – әлеуметтік әділдік.Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән береміз. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінеді", – деді Тоқаев.

Президент ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болатынын айтты.

"Бұл ретте, біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз", – деп түйді Тоқаев.
Автор:
Жанат Тукпиев
12:15, 25 Қараша 2020
0
5053
Жазылу

Көп оқылғаны