Қоғам

Қазақстанда әйелдердің 17% серіктестері тарапынан зорлық көрген – ЮНФПА баяндамасы

Арт: Kaisei Nanke
Қазақстанда 18–75 жас аралығындағы әйелдердің 17%-ы интимдік серіктес тарапынан зорлық-зомбылық көрген. Бұл туралы ЮНФПА-ның «Менің денем маған тиесілі» атты баяндамасында жазылған, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

ЮНФПА-ның жаңа баяндамасында әйелдердің жартысына жуығы дене автономиясы құқығынан айырылғаны көрсетілген. Дене автономиясының бұзылуы жыныстық, физикалық, психологиялық және басқа да зорлық-зомбылық түрлерін қоса алғанда, әртүрлі формада жүреді.

"Қазақстанда бұрын серіктесі болған 18–75 жас аралығындағы әйелдердің 17%-ы физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көрген, немесе интимдік серіктес тарапынан жоғарыда айтылған екі форманы да бастан кешірген. Мүмкіндігі шектеулі әйелдер мүгедектігі жоқ әйелдерге қарағанда зорлық-зомбылыққа көбірек ұшырайды. Біздің сауалнама көрсеткендей, COVID-19 кезінде мүгедектігі бар он әйелдің жетеуі зорлық-зомбылық жағдайында қайда көмек сұрау керектігін білмеген, ал сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі оқшаулану кезінде олардың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы нашарлағанын хабарлады", – делінген хабарламада.

Дене дербестігінің бұзылуы репродуктивті денсаулық саласындағы ақпарат пен қызметтерге "иә" деп айтудың және қалаусыз жыныстық қатынасқа, мәжбүрлі некеге, жыныстық қысымға, жыныстық қудалауға және зорлық-зомбылықтың басқа түрлеріне «жоқ» деп айту мүмкіндігі мен қабілетінің жоқтығынан да болуы мүмкін екені аталып өтілді.
Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің үштен бір бөлігі жыныстық өмір тәжірибесі бар екенін хабарлады, бірақ олардың көпшілігі – 91% - ы АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті білмейтінін айтып отыр. Қазақстандағы жасөспірім қыздар арасында да кездейсоқ жүктіліктің жоғары деңгейі байқалады. Жыныстық белсенді жасөспірім қыздардың 16,7%-ы бұрын-соңды жүкті болғандарын атап отыр.

"Дене автономиясына қол жеткізу гендерлік теңдікке және әйелдер, қыздар, жасөспірімдер, жастар және оқшауланған топтар үшін таңдау мен мүмкіндіктерді кеңейтуге байланысты, – деді БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі (ЮНФПА), Қырғызстан мен Түркіменстан үшін елдік директоры Джулия Валезе. – Дене автономиясынан бас тарту-бұл адамның негізгі құқықтарының бұзылуы, ол теңсіздікті күшейтеді және гендерлік және басқа да кемсітушіліктерден туындаған зорлық-зомбылықты күшейтеді".

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА гендерлік теңдікті, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын ілгерілетудің және жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) нығайтудың маңыздылығын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Өткен жылы қазақстандық тәжірибеде бірінші болып денсаулық сақтау жүйесінің гендерлік зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою туралы клиникалық хаттамасы мақұлданды. Осы хаттаманы іс жүзінде қолдануға көмектесу үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА Ұлыбританияның Нұр-Сұлтандағы елшілігінің қолдауымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлері үшін қазақ және орыс тілдерінде онлайн-курсты әзірледі, себебі олар көбінесе гендерлік зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдар үшін "алғашқы байланыс нүктесі" болып табылады.

Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА іске қосқан SHYN.KZ жобасы жасөспірімдерге, жастарға және олардың ата-аналарына дене автономиясы туралы, есейген сайын дененің қалай өзгеретіні туралы, жеке шекаралар туралы және басқа да көптеген пайдалы ақпарат алуға көмектесуге бағытталған.
11:40, 14 Сәуір 2021
0
2502
Жазылу

Көп оқылғаны