ҚоғамКоронавирус

Қазақстанда 4 маусымдағы коронавирус бойынша мәлімет жарияланды

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулікте 1 319 адамға артты. Елдегі коронавирус бойынша 4 маусымдағы сағат 00:00 эпидемиологиялық жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1 319 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 222, Алматы қаласы – 184, Шымкент қаласы – 46, Ақмола облысы – 75, Ақтөбе облысы – 27, Алматы облысы – 53, Атырау облысы – 64, Шығыс Қазақстан облысы – 90, Жамбыл облысы – 23, Батыс Қазақстан облысы – 89, Қарағанды облысы – 254, Қостанай облысы – 38, Қызылорда облысы – 9, Маңғыстау облысы – 44, Павлодар облысы – 61, Солтүстік Қазақстан облысы – 20, Түркістан облысы – 20.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 391 695.



08:13, 4 Маусым 2021
0
9205
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны