ҚоғамКоронавирус

Қазақстанда 3 маусымдағы коронавирус бойынша мәлімет жарияланды

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулікте 1 385 адамға артты. Елдегі коронавирус бойынша 3 маусымдағы сағат 00:00 эпидемиологиялық жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1 385 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 272, Алматы қаласы – 203, Шымкент қаласы – 54, Ақмола облысы – 76, Ақтөбе облысы – 41, Алматы облысы – 65, Атырау облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 85, Жамбыл облысы – 17, Батыс Қазақстан облысы – 95, Қарағанды облысы – 205, Қостанай облысы – 39, Қызылорда облысы – 8, Маңғыстау облысы – 46, Павлодар облысы – 63, Солтүстік Қазақстан облысы – 26, Түркістан облысы – 18.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 390 376.

08:16, 3 Маусым 2021
0
11663
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны