Қоғам

Қазақстанда 2025 жылға қарай студенттерге арналған грант саны 50% артады

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының ХХ съезінде отандық білім беру саласын дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы 2 есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде 2 озық өңірлік жоғары оқу орны ашылады. 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады.Бұл – 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз", – деді Тоқаев.

Атап өтейік, елордада "Nur Otan" партиясының ХХ съезі өтуде. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық тізім мен партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді.

Автор:
Жанат Тукпиев
13:18, 25 Қараша 2020
0
1522
Жазылу

Көп оқылғаны