ҚоғамКоронавирус

Қазақстанда 2 маусымдағы коронавирус бойынша мәлімет жарияланды

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың саны бір тәулікте 1 319 адамға артты. Елдегі коронавирус бойынша 2 маусымдағы сағат 00:00 эпидемиологиялық жағдай туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1 319 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 218, Алматы қаласы – 208, Шымкент қаласы – 46, Ақмола облысы – 77, Ақтөбе облысы – 20, Алматы облысы – 54, Атырау облысы – 82, Шығыс Қазақстан облысы – 70, Жамбыл облысы – 23, Батыс Қазақстан облысы – 91, Қарағанды облысы – 220, Қостанай облысы – 39, Қызылорда облысы – 7, Маңғыстау облысы – 53, Павлодар облысы – 58, Солтүстік Қазақстан облысы – 37, Түркістан облысы – 16.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 388 991.

08:08, 2 Маусым 2021
0
11072
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны