Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігінде Біртановтың жағдайы туралы айтты

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты инфекциялық стационардан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда", - деді Гиният.

Еске сала кетейік, 14 маусымда Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа шалдыққаны туралы хабарланған. Кейін Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Маминнің оқшауланғаны туралы ақпарат пайда болды. 15 маусымда ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, ал бүгін, 16 маусымда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің оқшауланғаны белгілі болды.
Автор:
Айдана Демесинова
11:33, 3 Шілде 2020
0
5141
Жазылу

Көп оқылғаны