ҚоғамSTOP Коррупция

БҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара үшін қамауға алынды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Батыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның сыбайласы қамауға алынды. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеуді бастады. Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-пен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен ТМҚ қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған", – деді Биғайдаров.

Оның сөзіне қарағанда, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның сыбайласы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қ. ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деп қосты спикер.

Автор:
Айдана Демесинова
11:53, 30 Қазан 2020
0
8508
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны