ҚоғамSTOP Коррупция

Біртановқа бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды

фото Kazpravda.kz/ Талгат Аханов
ҚР Бұрынғы Денсаулық министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Kazpravda.kz Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде", – делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланды.

Тергеу мүддесі байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Автор:
Екатерина Елисеева
12:01, 3 Қараша 2020
0
11133
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны