ҚоғамКоронавирус

Бір тәулікте Қазақстанда қанша адам коронавирус салдарынан қаза тапты

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус салдарынан қанша адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстанда коронавирустық инфекция салдарынан бір тәулікте 24 адам көз жұмды.

30 153 адам коронавирус инфекциясынан (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 665 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, 101 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

26.05.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 80 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 76 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 55 024, 895 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 096 жетті.
09:24, 28 Мамыр 2021
0
3959
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны