Қоғам

Білім министрлігі мектепте тыйым салынған заттардың тізімін бекітті

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.

Біз өткен жылы білім беру мекемелерінде тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін жасай бастадық. Ағымдағы жылдың қаңтарында “Білім туралы” Заң аясында біз осы тізімді әзірлеу және бекіту құзыретіне ие болдық. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, тыйым салынған заттардың тізімі ІІМ, ДСМ, Цифрлық даму министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы сотпен бірлесіп жасалған”, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.

Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.

“Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болады”, - деді министрлікте.





12:21, 4 Маусым 2021
0
12930
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны