ҚоғамSTOP Коррупция

Атырауда көпқабатты үй құрылысына бөлінген 24 млн теңгені жымқырған

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Атырауда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көп пәтерлі тұрғын үй салуға бөлінген 24,6 миллион теңгені жымқырды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 190-б. 4-б. 2-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Атырау қ. тұрғынын ұстағаны айтылды.

"Айыпталушы Атырау қ. бойынша МКБ-да тіркелген серіктестікте басқару функцияларын жүзеге асыра отырып, алаяқтық жолымен 24,6 млн теңге сомасында бюджеттік ақша қаражатын жымқырған. Бұл қаражат "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау қаласының аумағында көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлінген", – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда.
16:38, 19 Қараша 2020
0
9087
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны