Қоғам

Әскери ұшақтар Маңғыстаудағы автожолға қонды

Скриншот из видео
ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ұшақтары Маңғыстау облысының автожолына қонды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның батыс өңірінде "Алтын жебе" арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі аяқталғаны айтылды. Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты.

"Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды. Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды", – делінген хабарламада.










14:13, 9 Сәуір 2021
0
2574
Жазылу

Көп оқылғаны