ҚоғамКоронавирус

Алматыда вакцина паспорттары сатылуда: тергеу амалдары басталды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Алматы әкімдігінде вакциналау паспорттарын сату туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «вакциналаудан өткені туралы электронды паспорттарды сату жөніндегі жаңа бизнес» туралы материалдар жарияланды. Қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатқа ие болатынын және заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын ресми түрде хабарлайды. Жарияланым шыққан сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде вакциналаудан өткені жөніндегі электронды паспорттың сатылғаны туралы факт дәлелденбегені аталып өтілді.

"Сонымен бірге барлық медициналық ұйымдар мен ӨКЭА-ның ақпараттық жүйелері мен мәліметтер базасын толық салыстыру басталды. Егер бұл ақпарат расталса, тергеу нәтижелері ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына беріледі. Сонымен бірге ҚДБ вакциналау мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерге қолжетімді қызметкерлермен профилактикалық шаралар жүргізуде. Қызметтік тергеу барысы туралы ақпарат түскен кезде хабарланатын болады", – деп қосты әкімдікте.
.
12:20, 28 Сәуір 2021
0
2447
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны