ҚоғамКоронавирус

Айжан Есмағамбетова QazVac вакцинасын ектірді

Фото предоставлено источником
28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын ектірді, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.

"Вакцинация - пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі. Сондықтан вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыру өте маңызды. Мен мысал ретінде вакцинацияның мүлдем қауіпсіз және тиімді екенін көрсеткім келді. Біз бәріміз неғұрлым тез вакцинациялансақ, соғұрлым тезірек шектеу шараларынсыз өмірге ораламыз", – деді А. Есмағамбетова вакцинациядан кейін.

Ол отандық QazVac вакцинасын шығарумен қазақстандықтарда вакцина таңдау мүмкіндігі пайда болғанын, оны халық белсенді пайдаланатынын атап өтті. Бүгінгі таңда қазақстандық вакцинаны 9 мыңға жуық адам алды.

Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін бізде халықтың 60% вакцинациялануы керек. Тек осылай ғана вирустың таралуын тоқтатуға болады, деді Комитет басшысы.

"Бізде мұндай қамту жоқ және вирус айналымы жалғасуда. Сондықтан, әзірге біз ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмадық, маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет", – деп атап өтті Есмағамбетова.


08:56, 29 Сәуір 2021
0
2522
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны