Қоғам

87 сұрақ: халық санағы кезінде қазақстандықтардан нені сұрайды

Фото ©Адильбека Тауекелова/Kazpravda.kz
2021 жылдың ұлттық санағын жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Cтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Санақ парақтарындағы сұрақтар тізбесі айтарлықтай ұлғайтылғаны аталып өтілді. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ енгізілген.

"Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болды", - деп түсіндірді бюрода.

Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.

2021 жылдың ұлттық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оның ұраны - "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!"
09:34, 17 Мамыр 2021
0
3388
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны