Экономика

Жыл соңына дейін Қазақстанда 14 темір жол көпірін жөндейді

Фото предоставлено источником
Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін 14 темір жол көпірін жөндейді, деп хабарлайды Kazpravda.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың соңына дейін Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында теміржол көпірлері жөнделетін болады. Атап айтқанда, Ақтоғай–Алматы-1, Арыс–Шымкент, Защита–Зырян, Түлкібас–Жамбыл, Тәкібай–Жаңа-Семей учаскелерінде құрылыстарды күрделі жөндеу жоспарлануда. Бұдан басқа, 2021 жылы Орал өзені арқылы өтетін, 1917 жылы салынған ұзындығы 728 м Желаев–Пойма аралығының үлкен көпірінде жөндеу жұмыстары басталады", – делінген хабарламада.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісінде барлығы 3500-ден астам көпір бар екені аталып өтілді.

"Өндірістік бағдарлама шеңберінде 2021 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол инфрақұрылымының негізгі қорларын жаңартуға, қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге және жолаушылар мен жүк пойыздары жылдамдығын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыратын болады", – деп қосты компанияда.


17:10, 17 Мамыр 2021
0
2079
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны