Экономика

Ұлттық Банк Нархоз университетінде оқуға гранттар бөлді

Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
ҚР Ұлттық Банкі Нархоз университетінде оқуға гранттар бөлді, деп хабарлайды Kazpravda.kz қаржылық реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қазақстан Ұлттық Банкі Нархоз университетінде “қолданбалы қаржы” магистратура бағдарламасы бойынша “қаржы талдаушысы”, “қаржылық тәуекел менеджері”, “макроаналитика және болжау”, “актуарий” мамандықтары бойынша оқуға 30 грант бөлінгендігі туралы хабарлайды. Грант иегерлері де ай сайынғы стипендия алады”, - делінген ақпаратта.

Бағдарламаның басты мақсаты – талантты жастарды қолдау және олардың дамуына ықпал ету, қаржы нарығында сұранысқа ие және білікті мамандарды, оның ішінде қазіргі заманғы деректерді талдау білімдері, Bloomberg Terminal және т.б. дағдыларымен даярлау.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистранттар Қазақстан Ұлттық Банкіне, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ұйымдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Толық ақпарат Нархоз университетінің
сайтында
орналасқан.

16:35, 2 Маусым 2021
0
8953
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны