Экономика

Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 млрд теңгеден асты

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Қазақстандықтардың көлік салығы бойынша қарызы 30 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдында қарызы 30,7 млрд теңгені құрайтыны аталып өтілді. Қарыздың 26,8 млрд теңгесі қарыздың негізгі сомасы. Қалған 3,8 млрд теңге өсімпұл есептелген.

Ең үлкен қарыздар Алматы қаласында. Оңтүстік мегаполистің тұрғындарының көлік салығы бойынша борышы 6,1 млрд теңгеге жетті. Одан кейін Алматы облысы келеді. Бұл аймақтағы автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікте. Елордадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 млрд теңгеге жуық қарызы бар.

Борышкерлер саны бойынша антирейтингті 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған Алматы облысы бастап отыр. Екінші орында Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. ТОП-3 Түркістан облысы да кіреді - 104 мың адам.

"МКК Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске салады. Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады", – делінген хабарламада.
15:18,4 Мамыр 2021
0
4216
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны