Экономика

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру үшін 10 млрд теңге бөлінеді

Фото из открытых источников
Қазақстанда коммерциялық техника лизингі мен жеңілдетілген автонесие беру үшін 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

"Ағымдағы жылы "Бәйтерек" Холдингіне 10 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Оның 8 миллиард теңгесі жеңілдікпен автонесиелеуге және 2 миллиард теңгесі коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландыруға беріледі ", – деді Қасымбек.

Министрдің ақпаратынша, 2015 жылдан 2018 жылға дейін бағдарлама аясында құны 65 млрд теңгеден асатын 13 мыңнан аса көлік сатылып, 747 коммерциялық техника лизингке берілді.

"Отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында және халықты қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін біз бұл тәжірибені жалғастыруды ұсынамыз", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сату жоспарланған.

Автор:
Екатерина Елисеева
13:40, 19 Ақпан 2019
0
3758
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны