Экономика

Қазақстанда қоқыс проблемасы 2025 жылға қарай шешіледі – Экология министрлігі

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын құрудың жоспары ұсынылды. Биыл Қазақстанның төрт өңірінде ҚТҚ-ны бөлек жинауға арналған 7230 контейнер орнатылып, жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын үш жаңа қоқыс сұрыптау кешенінің іске қосылуы көзделген, деп хабарлайды Kazpravda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта полимер мен аралас қаптама (тетрапак) қалдықтарын қайта өңдеу кешендерін салу бойынша жобалар конкурстық іріктеуден өтіп жатқаны мәлімделді. Өңірлерде ҚТҚ-ны бөлек жинауды дамытуға арналған нысандар іске қосылып, инфрақұрылымды дамытқанда 2025 жылға дейін қайталама шикізат (металл, шыны және пластик) өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар жаңа экологиялық кодекске сәйкес энергияға айналдыру Waste to Enеrgy зауыттарына жіберілетін болады.

"Қалдықтарды бөлек жинау және депозиттік-кепілдік жүйесін енгізу арқылы қалдықтардың 30%-ын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Қайта өңдеуге келмейтін қалдықтың 20% өртеуге жіберілмейді. Қалған қалдықтар қатты ластанған және бүгінгі таңда оларды жоюдың жалғыз жолы - энергетикалық кәдеге жарату болып саналады", – дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Ағымдағы жылғы 20 мамырда Экология министрлігі қалдықтарды энергияға айналдыру жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық жариялады. Waste to Energy кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Зауыттардың құрылысы инвесторларды тарту есебінен жүргізу көзделген.

Инвесторларға қойлатын басты талап - Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің 2010/75/ЕО директивасының нормасына сәйкес түтін газын тазартудың бес сатылы жүйесін орнату. Болашақ зауыттар шығарындыларды бақылайтын автоматтандырылған жүйемен жабдықталады.

Қазіргі уақытта жер учаскелерін беру және инфрақұрылым жүргізуге қатысты мәселелер пысықталуда. Болжам бойынша, алты зауытты іске қосу нәтижесінде 2025 жылға қарай қалдық өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өртеуге келмейтін қалдықтар көлемі 20% құраса, қалған қалдықты энерегияға айналдыру жоспары тұр.
11:30, 25 Мамыр 2021
0
8053
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны