Экономика

Қазақстанда кей кәсіпорындар қант бағасын заңсыз көтерген

Фото: news.myseldon.com
Алматы облысында қант сату нарығындағы субъектілердің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері анықталды, деп хабарлайды Kazpravda.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 14 мамырда Open Space алаңында қантты көтерме саудада өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізгені аталып өтілді.

"Қатысушылар қантты көтерме саудада өткізу нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Атап айтканда, монополияға қарсы департамент жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабардар етті, оның қорытындысы бойынша "Көксу қант зауыты" ЖШС және "Ақсу қант" ЖШС іс-әрекеттерінде ҚР ӨК 170-бабын бұзу белгілері-қантты бастапқы сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері анықталды. Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді", – делінген ақпаратта.

"Көксу қант зауыты" ЖШС департаменттің хабарламасын 1 кг үшін қантты сату құнын орташа есеппен 10 теңгеге төмендету жолымен орындағаны айтылды. "Ақсу Қант" ЖШС департаменттің хабарламасын орындаған жоқ. Осыған байланысты компанияға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеу басталды.


Автор:
Екатерина Елисеева
13:39, 17 Мамыр 2021
0
2462
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны