Экономика

Қазақстанда депозиттер бойынша шілде айындағы максималды мөлшерлемелер жарияланды

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚДКБҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан өзеріссіз қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ және мерзімді салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды. Бұл ретте теңгелік депозиттердің ішінде ең табыстысы - 12 айға арналған, толықтырып отыруға болмайтын жинақ салымдар болып қалуда - 14,0%.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда басқа да банктің лицензиясы тоқтатылғандығы хабарланған болатын.



Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Маусым 2021

Шілде 2021

Маусым 2021

Шілде 2021

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,1

9,1

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

12,3

12,3

14,0

14,0

24 ай

10,7

10,7

12,2

12,2



14:10, 1 Маусым 2021
0
9851
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны