Экономика

ЕАЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізілді

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
Сенат жалпы отырыста 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев атап өткендей, кеден кодексінің нормаларына сәйкес аванстық төлемдер институтын енгізу көзделген. Осыған байланысты Шартқа тиісті түзетулер енгізу қажеттілігі туындап отыр.

"Алдағы төленетін кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар есебіне енгізілген ақша аванстық төлем деп танылады. Қазіргі уақытта кедендік тазарту кезінде бірнеше кедендік төлемдер мен салықтардың түрі бар. Осы Хаттаманы ратификациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға уақытын үнемдеп, шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді министр.

Түзетулер кедендік декларациялау үшін кедендік алымды, кедендік бажды, қосылған құн салығын, акцизді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы бажын төлеу үшін бірнеше төлем тапсырмаларын пайдалану қажеттілігіне байланысты шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ түзетулер қолда бар аванстық төлемдерді кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға пайдалануға болады.

Онымен қоса сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар осы төлемдерді пайда болған берешекті өтеуге жұмсай алады.

Сонымен бірге бюджеттік классификация кодының әрбір түрі бойынша ақша қаражатының қалдықтарын жеке-жеке қадағалау қажеттілігі жойылады.
Автор:
Лаура Тусупбекова
11:05, 27 Мамыр 2021
0
6513
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны