Экономика

250-ден аса ұлттық компанияның 3,4 трлн теңге сомасындағы сатып алулары бір заңмен реттеледі

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов
250-ден аса ұлттық компанияның шамамен 3,4 трлн теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алулары бір заңмен реттеледі. Сенат жалпы отырыста "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" заңды тиісті түзетулерімен қабылдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың сатып алулары әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп келетінін айтты.

Әзірленген заң жобасымен Самұрық-Қазына Қорының және өзге де ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттеу ұсынылады. Осылайша, заң жобасы сатып алулары шамамен 3,4 трлн теңге сомасындағы 250-ден аса ұлттық компанияларды олардың еншілес ұйымдарымен бірге қамтитын болады. Бұл ретте орталық және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатып алуларын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның шеңберінде қалдыру ұсынылады.

Заң жобасында квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін бірыңғай болып табылатын, Заңның қолдану аясына, қағидаттарға, шектеулерге, тәсілдерге, бақылауға және шағымдануға қатысты базалық ережелер Заң деңгейінде бекітіледі.

Сонымен қатар, заң нормаларымен сатып алу процесін нақтылайтын нормаларды ережелер деңгейінде регламенттеу ұсынылады.

"Осы жерде Самұрық-Қазына Қорының Сатып алу ережелерін бекітуді уәкілетті органның – Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қордың қарамағында қалдыруды ұсынамыз. Бұл Қор қызметінің ерекшелігі мен оның мәртебесіне, сондай-ақ ІРО өткізу және жекешелендірудің өзге де түрлері кезінде Қор компанияларының инвестициялық тартымдылығын сақтау қажеттігіне байланысты", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Автор:
Лаура Тусупбекова
12:47, 27 Мамыр 2021
0
7861
Жазылу

Сондай-ақ оқыңыз

Көп оқылғаны